- Домбырага кол сокпа Абай
Домбыраға қол соқпа
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.
Қайғылы көңлім қайдағы
Бұрыңғымды жаңғыртар,
Қайратты алып бойдағы
Басымды қайғы қаңғыртар.
- Япурай
Жаз болса жарқырыған көлдің беті-ай
Көгеріп көрінеді, япур-ай, алыс шеті-ай
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын-ай
Шайқайды жас баладай, япур-ай, желдің лебі-ей
Алтын бу айна көлдің бетін жабар-ай
Ақ сәуле көктен төніп, япур-ай, маржан тағар-ай
Есіме ақ сәулемді алған кезде-ай
Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар-ай Жалған-оу Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар-ай.
- Япыр-ай
Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,
Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.
Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай,
Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай.