Нагашыбаев Азамат все тексты (слова) песен, переводы, видео, клипы
- Кел жаным-ай
Қарайсың маған күлімдеп мені тек досыңа теңеп
Неліктен байқамайсың сен сезімімді
Білсеңғой қалай өзіңді сенің мөп мөлдір жүзіңді
Көргім келеді жанымау күнде күнде
Сен жүрегімнің әні мендік өмірдің мәні
Ғашықпын саған қатты бағым бағым
Қандай әдемі едің қандай тартымды едің
Мені баураған едің жаным жаным
- Кош енди
Көшеде көргенімде бақытты ғашықтарды
Өзіңмен жүрген кезім елестеп кетеді
Қайта оралғым келед өзіңе сондай сәтте
Жібермей қатты қысып өзіңді өзіме
Бауыр басқасын саған ұмыталмаймын қиын
Бұл сағынышты қалай басарымды білмедім
Анығы бұл сезімнің өзіңе шегі жоқ
Жаралы жүрегіме өзіңсіз емі жоқ
- Суйдим суйдим
Ойламадым менде дәл осынша ғашық болып қалам деп
Елестетіп оның көздерін мен сағынумен жүрем деп
Жаулап алды менің жүрегімді сол бір ару мәңгіге
Махаббат сезімі өзгертеді өзгертеді бәрінде
Ерекше ғой өзі күлімдеумен қарағанын сағынам
Сүйем сені деген сол сөздерін естіп қалсам тамсанам
Менің ботақаным сүйдім сенің шиедей қызыл ерніңнен
Бақытыма менің армандаған жетемінғой өзіңмен
- Тындашы мени жаным
Ғашық еттің өзіңе сені алғаш көргенде
Тамсандым күлімдеген сенің сұлу жүзіңе
Жаным ерке нәзігім қылығыңмен баурадың
Өзіңді бір ойласам келеді құшақтағым
Алыстасаң сен меннен сағынамын өзіңді
Қимаймын өзгелерге сүйем деген сөзіңді
Жалғызым деп санаймын бақытыма балаймын
Жанымда сен мәңгілік болғаныңды қалаймын